Ерлан Қарин президенттің көмекшісі болып тағайындалды
Ерлан Қарин президенттің көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі қызметінен босатылсын", - делінген Ақорда сайтында жарияланған жарлықта.
Еске сала кетейік, 2019 жылдың сәуірінде Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қаринді өзінің кеңесшісі етіп тағайындаған еді.
Ерлан Тынымбайұлы Қарин 1976 жылы 26 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы Ақсу ауылында дүниеге келген. 1996-1998 жылдары Ақтөбе университетінде сабақ беріп, газеттің бас редакторы болды, сондай-ақ "Диапазон" және "Время по..." газеттерінде саяси шолушы болып жұмыс істеді.
1998 жылы Қазақстанның даму институтының саяси зерттеулер орталығында еңбек жолын бастады, 2000 жылы Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігін басқарды. 2008 жылы бірнеше ай бойы президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды, содан кейін Nur Otan партиясының хатшысы болды, онда 2013 жылға дейін жұмыс істеді.
2014 жылдың қазан айынан бастап Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтын басқарды.
2017 жылдың ақпан айында "Қазақстан" РТРК " АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
