Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлан Қарин балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа жазаны қатаңдату ұсыныстарына пікірін білдірді

Президент кеңесшісі Ерлан Қарин әлеуметтік желілерде пайда болған балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату үндеулеріне түсініктеме бере отырып, мұндай шаралар өткен жылы Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданғанын атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz.

ерлан

Ол 2019 жылғы 2 қыркүйектегі өзінің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында Президент сексуалдық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткіні тарату, адам саудасы, әйелдерге тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке адамға қарсы, әсіресе балаларға қарсы басқа да ауыр қылмыстар үшін жазаны жедел түрде күшейтуді тапсырғанын айтты. Күзде тиісті заң жобасы Парламентке түсті, ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Президент қол қойғаннан кейін заң күшіне енді.

"Заңның жаңа нормаларына сәйкес, зорлық-зомбылық орташа ауырлықтан ауыр қылмысқа ауыстырылды.

14 жасқа толмаған балаларға зорлық-зомбылық жасағаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойы қамау жазасы көзделеді. Сонымен қатар, педофилия фактілерін жеткізбеу, жасыру, бұрмалау үшін жауапкершілік белгіленген. Бұл енді 6 жыл бас бостандығынан айырумен ауыр қылмыс болады", - деп түсіндірді Қарин.

Еске салайық, шілденің 23-нен 24-не қараған түні Сәтбаев қаласында бес жасар қыз жоғалып кейіннен пәтерде табылған болатын.

STAN.KZ
Жексенбі, 26 Шілде, 2020 08:10
Талқылау