Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлан Біләлге қатысты сот үкімі шықты

Алматыда пара алды деп айыпталған Әуезов драма театрының бұрынғы директоры Ерлан Біләлге қатысты сот үкімі шықты. Соңғы шешімді Алмалы аудандық соты шығарды.

Фото: Данияр Дауталиев

Судья Қуаныш Әріпов Біләлге алған парадан 35 есе жоғары көлемде айыппұл салды. Енді ол 1 ай ішінде мемлекетке 52 млн 500 мың теңге төлеуі тиіс.

Сонымен қатар, Біләлдің кейбір мемлекеттік марапаты мен атағынан айыру туралы президентке ұсыным енгізді.

Біләлді мемлекеттік қызметтерге орналасу құқығынан өмір бойына айырды.

Сот Баяновтың 1 миллион теңге көлемінде моралдық өтемақы өндіру туралы талап арызын қанағаттандырмады.

Бұдан бұрын, прокурор Ерлан Біләлден алған парасынан 60 есе көп айыппұл, яғни 90 млн теңге өндіріп алуды сұраған болатын.

Еске сала кетейік, соттағы соңғы сөзінде көзіне жас алып Ерлан Біләл өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Ол судьядан денсаулығы мен отбасылық жағдайын ескеруді өтінді. Бас бостандығынан айырмауды, мүмкіндігінше айыппұл сомасын төмендетуді сұрады.

Айта кетейік, Ерлан Біләл “Сезам” шығармашылық қорының президенті Баяновтан 2018 жылдың 2 қаңтары күні 600 мың теңге алып, 4 қаңтар күні 900 мың теңге алып жатқан жерінен ұсталған еді.

Тағы оқыңыз:

Алматыдағы бүйрек донорының өлімі: сатып алушыға қатысты сот үкімі шықты

Тоқтар Төлешовтың бұрынғы коттеджінде өнер мектебі ашылды

Қазақстандықтар ең жоғарғы зейнетақыға қалай қол жеткізе алады

 

Талқылау