AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еркіндік артқан сайын, қауіпсіздік жоғарылайды: Google Pay Mastercard Jusan Bank карталарында!

2021 жылғы 7 желтоқсанда POS-терминалдармен, сондай-ақ онлайн-сервис түрінде төлемдер жүргізуге мүмкіндік беретін Google PayTM төлем құралын ресми түрде іске қосу жүзеге асырылды.

Жусан

Mastercard Jusan Bank төлем картасын ұстаушылар енді жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз төлем құралын пайдалану мүмкіндігіне ие болды! 

Google PayTM қосымшасының құрамында тапсырысты ресімдеуге қажеттінің барлығы біріктірілген және төлем деректерін Google жеке аккаунтында қауіпсіздікте сақтайды: Google PayTM пайдаланғанда картаның деректері берілмейді, оның орнына виртуалды шот нөмірі (токен) пайдаланылады. 

Google PayTM төлем және тапсырысты ресімдеу процесін жеңілдетеді – енді картаның деректерін есте сақтау немесе смартфонда төлемге арналған төлем нысандарын толтырудың қажеті жоқ, бұдан былай төлемді смартфонда бірнеше рет басу арқылы жүргізуге болады!

Mastercard Jusan Bank карталарын ұстаушылар үшін Google PayTM қосымшасын баптау бірнеше секунд уақыт алады. Jusan мобильді қосымшасын ашыңыз да, "Менің Банкім" бөліміне өтіңіз. Одан кейін картаны таңдаңыз және  "Google Pay-ға қосу" батырмасын басыңыз. Пайдалану шарттарымен танысқаннан кейін "Жалғастыру" батырмасын басыңыз. Дайын, Mastercard Jusan Bank  картасы сәтті түрде қосылды. 

Оған қоса, Google PayTM қосу банк пен карта ұстаушылары арасындағы қатынастарды өзгертпейді. Mastercard иелері Jusan Bank ұсынатын жеңілдіктер мен бонустарды бұрынғыдай алатын болады. 

Google PayTM пайдалануда тек бір шектеу – техникалық сипаттағы шектеу бар, осы қосымша арқылы байланыссыз төлемдер қазіргі уақытта Lollipop 5.0  және одан жоғары нұсқадағы Android операциялық жүйесімен басқарылатын  NFC-модулі бар құрылғыларда ғана қолжетімді.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр