Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еркін күрестен жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді

Иорданиянда 17 және 23 жасқа дейінгі балуандар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрес шеберлері арасындағы белдесулер басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Иорданияның Хашимит қаласында өтіп жатқан Азия біріншілігінде үш балуанымыз үздіктер қатарынан көрінді. Бақдәулет Әкімжанов 65 келіде, Әмір Оразбаев (71 кг) және Ерғали Бейбарыс (80 кг) үздік үштікке еніп, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бұл Дәулет Ниязбеков пен Расул Қалиев баптайтын балуандардың жарыстың алғашқы күніндегі нәтижесі.

Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінен сынға түскен  балуандарымыз Азия чемпионатында сәтті өнер көрсеткенін жазған едік.    

Талқылау