Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еркін күрестен Нұрислам Санаев Олимпиаданың жартылай финалына шықты

Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

Нұрислам

Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық Нұрислам Санаев ширек финалда қарсыласын ұтты. Ширек финалда ол әлем чемпионы, Азия ойындарының жүлдегері жапониялық Юки Такахашимен белдесті. Белдесу 6:4 есебімен аяқталып, Нұрислам Санаев келесі айналымға жолдама алды.

Жартылай финалдық бәсекелер Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:00-де басталады. 

Еске салсақ, бұған дейін ол еркін күрестен Гвинея-Бисау елінің өкілі Иуна Фафе Диамантиноны жеңген болатын. 

Талқылау