Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еркеш Шакеев Тигран Кеосаян туралы әннен кейін авторлық қаламақыдан айырылды

Танымал композитор Еркеш Шакеев Тигран Кеосаянға берген жауабынан кейін авторлық қаламақыдан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол журналист Вадим Борейкоға берген сұхбатында айтты. 

"Бір сәттен Мәскеуден авторлық қаламақы аударымдарын алу тоқтады. Менің ондаған әндерім  Ресейде, жалпы ТМД-да орындалады. Аударымдар тоқтады, содан кейін кеше Ресейдің валюта комитетінен қандай да бір мақала бойынша Ресейден қаражат алуға құқығы жоқ адамдар тізіміне түскенім туралы хат келді",  – деді композитор.

Еркеш Шакеев 26 ақпанда Арман Шораевтың "Қолдаймын! Украина, жүрегім сенімен” деген жазбасына репост жасап, кейін Қазақстан тарапына даулы пікір айтқан ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаянға жауап ретінде ән арнаған болатын. 

Композитор өзінің әндеріне ақы төлеуді тоқтатқаны үшін мүлдем алаңдамайтынын айтты.

“Бұл ешқандай маңызға ие емес. Егер отбасыма береке келіп жатса, қуанамын. Ал егер мен ойлағандай дүниелер іске аспай жатса, демек, солай болуы керек болған. Дегенмен назар аударғандарына рахмет! Олардың кішкене болса да жүректеріне батқан сияқты”, – деді Шакеев. 



Сәуір айында ресейлік режиссер және тележүргізуші Тигран Кеосаян 9 мамыр құрметіне "Украинаға назар салайық" деген сөздермен әскери шеру өткізбеу туралы туралы мәлімдеме жасаған кезде жанжал туындаған болатын.

Бұл жағдайдан соң Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Тигран Кеосаянның Қазақстанға кіре алмайтындар тізіміне енгізілуі мүмкін екенін атап өтті.

30 сәуірде Ақмола облысындағы армян диаспорасы ресейлік режиссер және тележүргізуші Тигран Кеосаяннан қатаң түрде Қазақстан халқынан кешірім сұрауды талап етті.

5 мамырда ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров ведомствоның ресейлік режиссер және тележүргізуші Тигран Кеосаянға елге кіруге тыйым салынған тұлға мәртебесін беруге ниетті екенін хабарлады. Сондай-ақ адвокат Жангелді Сүлейманов Алматының Алмалы аудандық сотына ресейлік режиссер және тележүргізуші Тигран Кеосаянға қарсы талап арыз бергенін хабарлады.

Талқылау