Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Еркектің ығына жығылмау керек": Ерке Есмахан қыз-келіншектерге кеңес берді

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Танымал әнші Ерке Есмахан қыз-келіншектерге кеңес беріп, ақылын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі әйелдер қауымын жұмыс істеп, еңбек етуге үндеді. 

“Үйде отырып, тек күйеуінің, балаларының бабын жасаған жақсы, әрине. Бірақ өзіңді ұмытпаған жөн. Жұмысың болып, бір іспен айналысып, білім алып, арасында қыдырып, ақшаны өзіңе аямай, кейде күйеудің ығына жығылмаған да дұрыс”, – деді әнші.



Сондай-ақ әнші ел аузында жүрген мультимиллиардер Безос пен Лоренің махаббатын мысалға келтірді. 

"Безос не себепті қазіргі әйелінің аяқ астына бүкіл әлемді төсеп беріп жатыр. Меніңше, Лорен – күйеуімен қызық сұхбаттас, сенімді серіктес, көңілді көңілдес, еркекпен жарыспайтын, жұмсақ, сезімтал, ерке бола білетін дана әйел. Ал еркекке анасындай болып жүретін әйел емес, қылықты әйел керек", – деді Ерке.

Айта кетейік, әнші үйде еден жумайтынын жасырмаған еді.

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 02 Шілде, 2025 08:08
Талқылау