Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еркекке ұқсайсыз: Ләйлә Сұлтанқызы жас кезіндегі суретін көрсетті

Ләйлә Сұлтанқызы көпшілікке жас кезіндегі суретін көрсетті. Желідегі оқырман тележүргізушінің жас кезінде ерекше сұлу болғанын айтып жатыр. Енді бірі жас кезін ер адамға ұқсатты. 

“1992-93 жылдар-ау шамасы🤔Наурыз мерекесін енді енді тойлап жүрген кезіміз. Есімде Дишинкам екеуміз Шымкенттің зоопаркінде өтетін наурызға қатты дайындалатынбыз. Мамам көже пісіреді, мен номер дайындаймын. Ән,би, өлең оқу дегендей. Мммда...🤔 уақыт деген зымырап өтіп барады”, – деп жазды тележүргізуші. 

Ләйлә Сұлтанқызы жас кезіндегі суретін жариялап көпті тамсандырды. 

“Түріңіз ұл сияқты болыпты”, “Қабақты қарамайсың ба?”, “Ер адам көйлек киіп алған екен дедім оқымай тұрып”, “Еркек сияқты болып тұрсыз”, – “Несі бар, әп-әдемі, сұлу ғой”, “Балалықтың, жастықтың түріп көріп тұрмын”, ”Ұлға ұқсайсызғой мына фотода”, “Ләйлә апай, 1992-93 жылдары бет әрлеу макияж жасау опа-далап жағу болды ма? Ол кездері сіз өзіңізді қаншалықты жиі күтіңер едіңіз. Мәселен; шаш күтіміне тоқталсақ, немен жууатың едіңіз, айранмен бе? Қандай дәрумендер ішетін едіңіздер?– деп жазды желідегілер. 

Тележүргізуші жас кезде адам денсаулықтың қадірін білмейді деп ренжіді. Есейген сайын бояу емес, адам өзіне ыңғайлылықты қалайды дейді.

“Осыны 25 жасымда білмедім, айтпадыңдар ғой. Арамсыңдар. Уақыт өте адам бойындағы кейбір құндылықтар, талаптар өзгере бастайды екен. Ең керегі- денсаулықтың маңыздылығы мен қадірі. Бұрын өзім де, құрбыларым да 5-10 теңгесі артылса косметика, әтір, әдемі көйлек, көрсеқызарлықпен болмайтын кәкір-шүкір алуға тырысатынбыз.Қазір байқаймын, дүкен аралауға шықсақ спорттық киімдер, кроссовки, денсаулыққа арналған түрлі дәрумендерді (БАД-тарды да) көбірек іздейміз.

“30 тістің қадірін қақсағанда білерсің, қызыл тілдің қадірін тоқтағанда білерсің”- дегендей 20, 25, 30, 35-тегі арулар денсаулықты бірінші орынға қойыңдар, киім де бояу да қашпайды екен, ақша болса🤔денсаулық болмаса ақша да, көйлек те керек болмай қалады. Бастысы сосын мен сияқты 45-ке таянғанда осындай пост жазып отырмайсыңдар”, – деді тележүргізуші. 


Талқылау