Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Еркекке ұқсап қалдың": Дильназ Ахмадиева шашын қысқартып қиып тастады

Дильназ Ахмадиева шашын қысқартып тастады. Жақында ана атанған әнші ұлы үшін осындай қадамға барғанын айтады. Өзін жас аналардың жақсы түсінетініне сенім білдірді. 

Дильназ Ахмадиева 39 жасында ана атанда. 20 жыл армандаған Зейдан есімді ұлы өмірге келді. Бүгінде аяулы ана, бақытты жар. 

Жақын күндері әнші шашын қысқа етіп қиып тастағанын көрсетті. 

"Мені мынадай шашпен көремін деп ойламаған шығарсыздар. Жараса ма екен? Мені жас аналар жақсы түсінеді деп ойлаймын. Өте қысқа етіп алып тастадым. Қасымда да ретке келтірдім. Бұған Зейданның қатысы бар. Ол енді мені шашымнан тартып түсіре алмайды. Қазір ғана момақан болып отыр. Басқа кезде видео түсіруге де мұрсат бермейді", - деді әнші ұлының қылығына сүйсіне. 

Желідегі оқырмандар түрлі пікір жазды. Бірі жас ананың әрекетіне түсіністік танытты. Енді бірі қабылдай алмады. 

"Ер адам сияқтысыз.Түріңіз жігітке ұқсап қалды. Бояусыз бәрі сондай", "Шашыңыз жарасып тұр", "Бала босанған әйелдер түсінеді", "Шашы жұқарып кеткен болар", "Өзіңіз қалаған шашпен жүріңіз", - деп жазды олар.  


Шашты қалың әрі әдемі етіп тез өсіруге арналған 15 кеңес

 

STAN.KZ
Сейсенбі, 28 Шілде, 2020 12:39
Талқылау