"Ұшақ айдап барасың" деді: Кенжебек Жанәбілов "Музарт" тобына қабылданған сәтін есіне алды
Белгілі әнші Кенжебек Жанәбілов “Музарт” тобына қабылданған сәтін есіне алып, көпшілікті күлдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://vk.com/albums
Өнер иесінің сөзінше, аңызға айналған топқа қабылдану оңайға соқпаған.
“Ауылдан жаңа келген кезім. Гастролдік сапармен шығайын деп тұрмыз. Маған билет жетпей қалды. “Кенжебек ауылдан келді, менің орныма ұшсын” деді Сәкен аға. Қасымдағылар “Сенің билетіңмен ол ұшалмайды” деп түсіндіріп жатыр. Бір кезде Мейрамбек аға “Кенжебек, қорықпа, ұшақ айдап барасың, саған билет табылмай тұр” деді. Өзі “тежегішті ғана ұстап отырасың, қонатын кезде ақырын жібересің. Түк қиын емес” деді. Қонақ үйдегі бөлмеге келіп, ұйқы жоқ. Түнімен көз ілмедім. Ұшақты қалай айдаймын деп уайымдадым. Таңертең әуежайға келсек, “саған билет табылды” деп ағаларым қарап тұр. Мен түнімен ұйықтамай, таңды көзбен атырып жүрсем. Кейін олар маған пранк екенін айтты. Сондай қызық оқиғалар болған”, – деп күлді әнші.
Еске салайық, жақында өнер иесі төрт баласын дүниеге әкелген жарына Lexus маркалы машина сыйлады.
“Қолдан келгенше жақсылық жасап, ниетті дұрыстасаңыз, армандар орындалады!”,– деп жазды эстрада жұлдызы.
@akhanallazhar Кенжебек ағаның МузАрт тобына алғаш кіргенде болған оқиға😂 Пранк жасаған Алтынбек Қоразбаев атамыз😂🙌🏻 #музарт #казахстан #легенда #кенжебек #отырыс #қойшәәә ♬ оригинальный звук - Akhan Allazhar