"Еркеден көріп қойғанбыз": Фариза Төреәлінің су жаңа сөмкесі ел талқысына түсті
Танымал блогер Фариза Төреәлі су жаңа сөмкесін көрсетіп, оқырмандарының сынына қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/
Желі жұлдызы қымбат бұйымды көптен бері армандап жүргенін айтты.
“Өзіңді қуантудың маңызын бөлек түсініп жүрмін. Раббымыз бізге "өзімізді өзімізге аманат" етіп бергенін ұмытпай, ерекше қамқорлықта болсақ екен. Алғашқы “Биркин” сөмкесі. Мен ұнататын ақшыл түсте. Толығырақ айтып беремін. Жұғысты болсын, қыздар. Сіздер бар жақсыға лайықсыздар”, – деп жазды блогер.
-
"Түнде тұрып, тамағын жасаймын": Фариза Төреәлінің күйеуі қыз өсіріп отырған әкелерге үндеу жасады
-
"Ең қиыны – сүйе алу": Фариза Төреәлі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды
Желі жұлдызының оқырмандары түрлі пікір білдіріп, қымбат сөмке алғанын сынап жатыр.
“Өзі кіп-кішкентай бірақ бағасы 15 миллион теңге”, “Бар жақсыға лайықсыз”, “15 миллион теңгем болса үй алып алушы едім”, “Қорабы үлкен, өзі кішкентай”, “Мұндай сөмкенің бәрін Ерке Есмаханнан көріп қойдық”, “Уайым қайғың жоқ болсын”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Фариза Төреәлі күйеуіне қымбат сыйлық жасағанын жазған едік.