Еркебұлан Тоқтар үндістандық қарсыласын 8 секундта сұлатып салды
Octagon 63 турнирінде жекпе-жекке шыққан Еркебұлан Тоқтар үндістандық қарсыласын 8 секундта сұлатып салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/erkebulan_toktar/
Қазақстандық танымал актер, әрі спортшы Еркебұлан Тоқтар кезекті жекпе-жегін Octagon 63 турнирінде өткізіп, 8 секундта жеңіске жетті. Қазақстандық актер тәжірибелі үндістандық Кушал Вясқа (11-16) қарсы жұдырықтасып, қарсыласын алғашқы раундта-ақ нокаутқа жіберіп, кезекті жеңісіне қол жеткізді. Жеңіл салмақта өткен жекпе-жекте отандасымыз лига тарихындағы ең жылдам жеңістердің бірін тіркеді.
Айта кетейік, Еркебұлан бұған дейінгі жекпе-жегін Octagon 56 турнирінде өткізіп, байырғы қарсыласы өзбекстандық Одилхон Камоловты айқын басымдықпен ұтқан еді. Бұл оның шаршы алаңдағы сегізінші жеңісі.
Талқылау

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр