Еркебұлан Дайыров 1,5 айда 20 келі салмақ қосуға мәжбүр болған
Еркебұлан Дайыров сыртқы келбеті өзгеріске көп ұшырайтын актерлердің бірі. Айтуынша, мұндай "құрбандыққа" кинодағы рөлі үшін барады. Мәселен, "Балуан Шолақ" фильміне дайындық кезіде актер 20 келі салмақ қосуға мәжбүр болған. Бұл туралы актер "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

"Қазақ киносының қиын тұстарының бірі - өте қысқа мерзімде бекітілесің. Уақыт аз болғаннан кейін, спорттық формаларға жүгінуге тура келді. Дәрумендер ішіп, 1,5 айда салмақты 89-дан 108-ге көтердік. Сол салмақпен біраз жүріп қалдым, көрермендердің көзі соған үйреніп қалды", - дейді Еркебұлан.
Дайыров бұдан кейін қайта салмақ тастауға мәжбүр болған. "Өнер барысы" жобасында бекітілген салмаққа түсу үшін актер біраз тыраштанған. Оның үстіне, артық салмақпен өзінің де қиналып кеткенін алға тартты.
"Кезінде сынаған адамдар қолымды алды": Тәуекел Мүсілім өзіне сенбегендер жайлы айтты
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан