Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еркебұлан Мырзабек Ayumi қыздарын мүшек тасушыларға теңеп жұртты күлдірді (видео)

Ayumi тобы “Қызық Times” бағдарламасының кезекті қонағы болды. Аталған бағдарламаны Еркебұлан Мырзабек пен Марат Оралғазин жүргізеді. Олар әдетте келгендерді жеңіл әзілмен қағытып, жұртты күлдіргенді ұнатады. Бұл жолы олар аталған топтың қыздарын мүшек тасушыларға теңеді.

йф

Бұл туралы Хабар арнасының “Қызық Times” бағдарламасында айтылды.

– Білуімізше, қыздардың жаңалықтары өте көп. ол түрлерінен-ақ көрініп тұрған сияқты. Бірнеше ай бұрын қыздарымыз қара шашты еді. Қазір сәл “Ninety one” тобына ұқсап қалған сияқты. Түсіне алмай отырмыз. Жалпы шаштарыңызды бояудағы себеп не?

– Шашымызды жаңа бейнебаянымызға орай боядық. Образдарымызды әлі өзгертіп отырамыз. Боялған шашымызбен түскен суретті инстаграмға салдық. Содан кейін түрлі пікір жазылды. “Бұлар “Ninety one” тобына еліктеп жүр” деген сияқты сындар айтылды. Негізі осылай жазылатынын алдын ала білдік.  Бүкіл халық “Қазаққа тән емес”, “Қазақ қыздарына мұндай түстер жараспайды”, “Қара шашқа не жетеді?!” деп жазды.

– Бастапқыда біздің бағдарламаға стильді қара көйлек киіп келген болатынсыздар. Қазір мүшек таситын адамдарға ұқсап тұрсыздар.

– Слесарь, сантехник дегеніңіз дұрысырақ.

– Бейнебаян қандай әнге түсірілген? Ән не туралы?

– Кезекті туындымыз “Сен емес пе?” деген әнге түсірілді. Қалталы қыздарды алдап кететін альфонстар туралы. Олар ұлы махаббаттың құнын білмейді. Біздің өмірімізде осындай жігіттер кездесті. Бірақ альфонстар емес, алдап кеткендер. Ал сюжетіне келер болсақ, бір жігітті тауып алып, соны ұрамыз, соғамыз.


Жіберіп алмаңыз:

Нұржан Керменбаев: Алғашында келіншегімнің есі дұрыс емес екен деп ойладым

Нұржан Керменбаев досының қызының опасыздығын әшкереледі

Ерке Есмахан үнді актеріне хат жазбақ

Салтанат Бақаеваға тон ұрлады деген жала жабылды

Талқылау