Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке: Желіде Ерке, теледидарда Ерке, тойда мен халық жалығып кетеді ме деп қорқам

БАҚ өкілдерін көрсе бой тасалап қашатын Ерке Есмахан, соңғы кездері сұхбат беруді сиреткенін айтады. Әншінің бұл қылығын «Жұлдыз ауруына шалдыққан» деп топшылайтындар да бар көрінеді.

Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген өнер иесі, мұндай шешімге келуінің себебін түсіндіріп берді.

 «Бір күні маған бір журналист келіп ренжіген. Сіз бізге сұхбат бермейсіз, андайсыз, мындайсыз деп өкпелі екенін айтты. Мен айтамын енді не айта беремін? Ана жерге барып сол «Қайда» әні туралы айтамын, мына жерге барып тағы соны айтамын.

Ол болмайды ғой. Халыққа қызықты жаңалық болған кезде, хабардар қылу керек. Жақсы бір әңгіме туса ғана сұхбат болуы керек деп ойлаймын.

Жүрген жерімнің барлығын елге жария қылып, «кеше бүйттім, алдыңғы күні сүйттім» десем қызықсыз болады. Былайша айтқанда «анти-пиар» болмасын деген ниет қой», – дейді әнші.

Биылғы жыл Ерке қыз үшін жемісті болды. Сүйіктісін іздеп, галактикаға сапар шеккен сылқымның «Қайда» әні бүгінде хит-шерудердің көшін бастап тұр. Сонымен қатар, аталмыш бейнебаянның ғаламтордағы қаралымының көрсеткіші, отандық клиптердің арасында рекорд орнатқаны тағы бар.

«Қазіргі таңда «Қайда» әнінің ғаламтордағы қаралымы 40 миллионнан асты. Одан кейін инстаграмда кірсең Ерке, теледидарды қоссаң мен туралы көрсетіп жатады. Одан қалды хит-парадтарда, барлық концерттер де жүрмін, тойларда жүрмін.

Сондықтан да, шамадан тыс болып кетпесін, «Ой, мына Ерке ғой» деп көргісі келмейтіндей жағдайға жетпей-ақ қояйын деп бас тартамын», – дейді Ерке.

Көгілдір экраннан көп көрінуді қаламайтын әнші, сұхбаттарға да таңдап, талғап баратын болған. Өйткені, өнер иесі халықты жалықтырып алудан қорқады.

«Бір-екі ғана жерге көлемді сұхбат бердім. Ал, былай күнделікті көрген жерде журналистерден алшақтап жүрдім.

Өйткені, шыныменде мен өзім үшін қорықтым. Жақсы көру деген сезім, «Қойшы, сол Еркені» деген жағымсыз ойға ұласып кетпесін деп, халықты сағындырып, анда-санда көрінген жақсы деп ойлаймын», – дейді Есмахан.

Айта кетейік, Еркеге танымалдылықты тарту еткен Төреғали Төреәлімен орындаған «Алло» әні болатын. Сәтті дуэттен кейін әріптестер арасында шу шығып, аталмыш тректі бірге орындамайтын болып шешкен-ді! Алайда, Есмаханның «Қайда» хиті өнер иесінің жұлдызын қайта жақты.

Оқи отырыңыз:

 Дана Кентай трансвеститтер туралы: Әр адам өз қалауынша өмір сүруі керек

1 айлық ұлын ваннада шомылдырған Шоқан Маратұлы жұртты шошытты (видео)

Экс-күйеуі Шахизаданы алдап, төрт қабатты зәулім үйін тартып алған

Алагөзов бұрынғы әйелінен дүние-мүлкін қайтару үшін сотқа қайта шағым түсірген

 

 

Талқылау