Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмаханның отбасы қыз ұзатып, дүркіретіп той жасады (фото, видео)

“Алматыда жоқ-жоқ” деп әндеткен Ерке Есмахан сіңлісін ұзатты. Есмахановтар әулеті Ақтөбеде дүркіретіп той жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ерке Есмаханның отбасы қыз ұзатып, дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Еркенің Ақбөпе есімді сіңлісі Тимур есімді азаматқа ұзатылды. Ерке Есмахан сіңлісінің ұзатуына өнердегі достарын шақырып, тойды концертке айналдырды.

Ақбөпені әсем әнімен ортаға әнші Гүлнұр Оразымбетова алып шығып, Айнұр Тұрсынбаева ұзатуға арналған әнімен шығарып салды.

Ерке Есмаханның отбасы қыз ұзатып, дүркіретіп той жасады (фото, видео)

“Қасымызда мейіріммен қарап тұрған Еркенің мамасы.. Немересін ақ батамен шығарып салып тұр. Осымен Есмаxан әулетінің екінші қызын ұзатып тұрмын.. Бұйырса қыз көп бұл әулетте!” – дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Сол сияқты Нұржан Керменбаев, Айнұр Тұрсынбаева, Бейбіт Көшқалиев және тағы да басқа өнер иелері Есмахановтар әулетінің қуанышына ортақтасты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Бақытты бол, бөпешкам! @abdrash_akbupe 😘

Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan)

Айтпақшы, актриса Гүлназ Жоланова бұл күні қыз жолдастың “рөлін” атқарды.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау