Ерке Есмахан: Тек еңбектің арқасында әдемі қызға айналдым
Ерке Есмахан желіде қызу талқыға салынған жас кездегі суретіне қатысты пікірін айтты. Ол бүгінгі әдемі қалпына тек еңбектің арқасында қол жеткізгенін мәлім етті.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Қоймадыңдар ғо! Ол кезде мен осы түріммен-ақ “Ырғыздың ызвездасы” едім! Ол кезде, осы суреттің уақыт өте “ызвезда” болатынын қайдан білейін?! Білсем, дұрыстап түсер едім! Ал қазіргі “Ерке аққу” операцияның емес, еңбегінің арқасында “әдемі” деп 100 %-ға айта аламын! Әй, өзім-ай, өзім-ай! Шыны керек, сіздерден бұрын мен “ішім бұратылғанша” күлдім!”, – дейді Ерке.
Еркенің бұл жазбасы да желіде талқыға түсті. Небәрі бірнеше сағаттың ішінде оның пікіріне мыңнан аса адам ойын айтты. Көпшілік 90-жылдары дүниеге келген адамдардың түгелінде дерлік осыған ұқсас суреттердің бар екенін айтып, әншіні жұбатып жатты. Десе де бүгінде жұлдыздардың басым бөлігінің сұлулықты қолдан жасап алғанын атап өткендер де аз емес.
Жіберіп алмаңыз:
Димаш Құдайберген “Adagio” әнімен алтыншы кезеңде жеңіске жетті
Мадоннаның 18 жас кезіндегі жалаңаш түскен суреттері табылды (фото)
Ділназ Ахмадиева өзінің кешіне құны 1 мың доллар тұратын көйлек киді
Тәуекел Мүсілім Жанармен сезімге ерік бергендіктен сүйіскенін айтты