Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан сүйіктісінен алған гүл шоғын көрсетіп мақтанды (фото)

Әнші Ерке Есмаханның актер Әли Байжұматпен кездесіп жүргені жөнінде қауесет тарағанына біраз болды. Оны жұлдыздардың өзі де жоққа шығармайды. Тіпті желіде бір-біріне қатысты жазбаларды жиі жариялап жүр. Бұл жолы Ерке сүйіктісінен мерекеге орай алған гүлін көрсетіп мақтанды, деп жазады Stan.kz.

Әнші Ерке Есмахан Instagram желісіндегі парақшасында сүйіктісінен алған гүлін көрсетті. Сондай-ақ, суреттің астына екіұшты жазба қалдырды.

«…Қай жерде отырса да қарлығашың,
Ұқ, жаным, оның жатқа табынбасын.
Біл, жаным, оның албырт жүрегінің жалынып,
Өзгелерге жағынбасын.

Өмірде, қарап тұрсам, бағың да сын,
Тек жаның жалынынан арылмасын
Көзіңнен ой оқыған сонау күні
Арнаған өзін саған қарлығашың», – деп жазды әнші.

 

– Қай жерде отырса да қарлығашың, Сен оның жүрегінде, жанындасың. Сәбидей сенің әппақ көңіліңе Күдіктің күңгірт бұлты шалынбасын. Қай жерде отырса да қарлығашың, Ұқ, жаным, оның жатқа табынбасын. Біл, жаным, оның албырт жүрегінің жалынып, Өзгелерге жағынбасын. Өмірде, қарап тұрсам, бағың да сын, Тек жаның жалынынан арылмасын Көзіңнен ой оқыған сонау күні Арнаған өзін саған қарлығашың.💞 #қарлығашдегенменғо☺️

Публикация от Ерке Есмаxан (@erke_esmahan)

Мұнан кейін әнші: «Қарлығаш деген мен ғой», – деп жазып қойған.

Желі қолданушылары бірден әншіге гүлді Әли Байжұмат берді деп топшылады. Себебі бірнеше күн бұрын актер желідегі парақшасында дәл осындай гүл шоғын ұстап тұрған суретін жариялаған еді.

 

Оқи отырыңыз:

Данэлия Төлешова Мәскеуде әйгілі ZAZ-бен бірге ән салады

Сәкен Майғазиев 21 жыл бұрын әйелімен бірге тұрған үйін көрсетіп көпшіліктің жүрегін елжіретті (видео)

Мақпал Жүнісова анасының тойдағы биін көрсетіп жұртты сүйсіндірді (видео)

Бақаеваның енесі: Бір баламды төртеу қылған Салтанатқа алғысым шексіз

Талқылау