Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан көлік салығы туралы әзілдеп, жұртты күлкіге қарық қылды

Әр әні хитке айналатын Ерке Есмаханның салық комитетіне 41 мың теңге қарыз екені бұған дейін бірнеше рет айтылды. Уақытылы төлемегендіктен, әншінің ісі тіпті сотқа берілген. Дәл осы себепті БАҚ құралдары мемлекетке берешегі бар әншілер тізімін жариялаған-ды, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Бір қызығы әншілердің басым бөлігі салық қарызы туралы білмейтін болып шықты. Мәселен, Ернар Айдардың көмекшісі әншінің атында үй де, көлік те, яғни ешқандай мүлік жоқ деп мәлімдеді. Ал салықтың қайдан келгенін білмейміз, деп түсіндірді ол. Ал “Қайда?” деп жұртты шулатқан Ерке Есмахан берешегі бар екенін мойындап отыр. Әр тойдан қыруар қаржы табатын әнші тығыз кестесінің салдарынан, қарызын төлеуді ұмытып кетсе керек-ті.

“Әй, айналайын Ерке, күшті болсаң өзіңе күшті шығарсың, бірақ ана машинаңның налогын төлеші, Құдай үшін! Журналистерге жұмыс қылдың ғо тіпті, неше күн болды. Сол, 41 мың теңгені өзім-ақ берейін саған”, – депті, тойдан қыруар ақша табатын, Есмаxан”, – деп әзілдеді Ерке.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Қырғыз актері Тәуекелдің бетіне тәтті жағып, ерекше құттықтау әзірледі (видео)

Нұрсұлтан Назарбаев Алтынай Жорабаеваны дүйім жұрттың алдында құттықтады (видео)

Продюсер Тәстембеков Айқын мен Жұлдыздың құпиясын ашып қойды

Индира Расылхан Динара Сұлтаннан еш кем еместігін айтып, Мейрамбекке ренжіді (фото)

Талқылау