Ерке Есмахан киімін сынайтындарға өз жауабын берді
Қазақ эстрадасындағы образдарын өзгертпейтін әншілердің бірі – Ерке Есмахан. Тыңдармандары әншінің шаш үлгісі мен макияжының өзгермейтіндігін айтқан-ды. Енді міне тастамай киген күлгін жемпірі үшін сынап жатыр.
Фото: instagram.com/erke_esmahan/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
Халық алдында жүрген танымал жұлдыздар 24 сағат бойы бақылауда болатынын ұмытып кететін сияқты. Мұны білетін желі қолданушылары да сынауға әзір тұрады. Бұл жолы олар Ерке Есмаханды жүннен тоқылған жеміпірін тастамай кигені үшін сынап, шаш үлгісінің өзіне жараспайтындығын айтты.
“Жаңбырлы күнді жақсы көремін” деп күлгін жемпірімен серуендеп жүрген әншінің образына қатысты түрлі пікір айтылды. Желі қолданушылары “Мына тоқымаңыздан басқа бар ма?”, “Ерке осы жемпіріңізді тастамайды екенсіз. Қызығы басылса, маған беріңізші” сынды пікір білдірген. Арасында “Жаңбыр жауар себелеп, гүлге қонар көбелек, жұрттың жігіті қасында, қайда жүрсің … деп тұрсың ба?” деп ащы әзілімен қағытып өткен жандар да бар. Мұнымен қатар, тыңдармандары шаш үлгісін өзгертуге кеңес берді.
Әншіні тыңдармандарының мұндай мазмұндағы пікірлері мезі етсе керек. “Бір киімді киіп алып тастамайсың дей бермеңіздерші, а! Бір киген тоқымасын қайта кимейтін голливудтық әнші емеспін”, – деп ешкімнің пікіріне құлақ аса қоймайтынын жеткізді.
Әншінің өз образы үшін сыналғаны бірінші рет емес. Осы уақытқа дейін желі қолданушылары денеге жабысып тұратын киімдерге құмар екенін айтып, өзгермейтін макияжы мен шаш үлгісін аяусыз сынаған-ды.
Оқи отырыңыз:
Депутат болғысы келген Ерке Есмахан еден жуып жүр
Ерке Есмахан “Мұзарт” әншілерін өз отбасымен таныстырды (фото)
Ерке Есмахан Төреғали Төрәлімен арасында қандай сезім барын айтты
Ерке Есмаханның жеке өмірін білген халық оны қолдауға кіріскен
Есмахан: Махаббатын күйеуге шыққан соң кездестіретін жандар бар