Ерке Есмахан “Мұзарт” әншілерін өз отбасымен таныстырды (фото)
Күні кеше Ақтөбеден Алматы қаласына қайта ұшып келуді жоспарлаған “Мұзарт” әншілері ауа райының қолайсыздығына байланысты бөгеледі. Осылайша әншілер өнердегі қарындастары Ерке Есмаханның үйіне қонаққа барады.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Мұзарт” тобының әншілері Ерке Есмаханның үйінде болып, ата-анасымен танысқаны үшін қуанышты. Сәкен Майғазиев “Кеше айтып едім ғой “ненің xайырлы екенін АЛЛА білуші” деп. Бүгін 14:00-де Алматыға ұшуымыз керек еді, Еркенің ата-анасымен танысып, қара шаңырағын көру бұйырып тұр екен. Ақтөбе бізді жібергісі келмей жатыр”, – деп әншінің ата-анасы құшақ жая қарсы алғаны туралы айтып, алғысын білдірді.


Үйіне келген қонақтарға “Қуған жетпейді, бұйырған кетпейді деген осы!”, – деп Ерке Есмахан қуанып жүр.
Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Ерке Есмаханның Төреғали Төреәлімен екеуінің арасында қандай сезім бар екенін айтып бергені туралы жазған болатынбыз.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”