Ерке Есмахан имам ағасы мен отбасы туралы айтып берді
Ерке Есмахан қасиетті Меккеде жүрген имам ағасы жайлы көпшілікке сыр шертті. Әншінің айтуынша, киелі мекенге оныншы мәрте табан тіреген ағасы бүгінде қарындасы үшін тілек тілеп жүр. Ерке Есмахан отбасы жайлы толығырақ айтып берді.
“Бірі білсе, бірі білмес, менің туған ағам Бауыржан Есмахан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында найб муфти қызметінде! Бұл Меккеге 10-шы сапары.
Бауырым қарындасына тілек тілеп, суретке түсіріп жүр екен! Не тілеу керек екенін ағама заказ беріп қойғам өзім!” – деген Ерке өзге отбасы мүшелерінің қандай қызмет атқаратынын да айта кетті.
“Негізі 5 ағайындымыз, үлкен ағам мектеп директоры, кіші ағам дін жолында, мен өнер жолында, ал, екі апам или әпшем жезделерімнің жолында!
Әкем қазақ тілі қоғамының бастығы! Ал, мамам бәріміздің бастығымыз! Әсіресе жеңгелерімнің!
Бәрі былайынша айтқанда любой жерге барғанда әнші Ерке Есмаxанның туысқандары! Авторитет ұрып тұр ғой, шіркін! (үйдің приколы)
Айтпақшы, мен ең кенжесімен! Папа Мамам өте кеш, пәтішти қартайғанда мені өмірге алып келді! Өздері де пландамаған сияқты негізі!
Но өте качественный, талантты Ерке қыз туылды! Әкем мен анам 18 немере мен 4-5 шөбере сүйіп отырған бақытты ата мен әже! Барлығына Аллаға сансыз шүкір! Баршаңызға салиқалы ұрпақ тіледім!” – деп жазды әнші желідегі парақшасында.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.