Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан ұлына маза бермеген желі қолданушыларымен ұрысып қалды

Ерке Есмахан өзін ашуландырған желі қолданушыларына жауап беріп, ұлына маза бермеген оқырмандарды ұрысып тастады. Айтуынша, жұртқа көрсетпесе де, жағдайы нашар отбасыларға көмектесіп жүр екен.

19121764_286068878470204_9026458085664751616_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Көптен бері біраз оқырмандарымды мазалап жүрген сұраққа, немесе маған тағатын міндеріне жауап берейін. Сіздер менің шетел асып қыдыратыныма, қымбат көлік, түрлі киіммен, жүрген жерімнің бәріне тиісіп, менің ақшамды санаудан шаршамайсыздар! Одан қалды, маған ұрысып “Неге осының орнына қайырымдылық жасамайсың, нан таба алмай отырған адам көп, өзіңді ойлай бермей бөліс” деп ақыл айтасыздар! Ол ақылдарыңыз дұрыс, әрине! Оны сіздерсіз-ақ білемін. Құдайға шүкір, ата-анамның тәрбиесіне мың алғыс айтамын! Енді айтарым “Оң қолың бергенді, сол қолың білмесін” деген сөз бар! Көмектескен сәттерімді видео, суретпен “Ал, міне беріп жатырмын” деп жырқ-жырқ еткізіп инстаграмға сала берсем, не қасиеті қалады оның?!

Сондықтан айтарым, қиын xәлде жатқан адамдарға дәрімен де, азық-түлікпен де, ақша сұрағандарға да, киім сұрағандарға да, “выпускной” дегені тағы бар – барлығына қол ұшымды беруге тырысып, қолымнан келгенше жасап жүрмін! Сіздер күнде қаралап қоймаған соң, осыны жазуға мәжбүрледіңіздер! Ұлыма да жүрсе де, кисе де тиісіп қоймайсыздар! Ұлымды асырап отырған мен де анамын, естеріңізге сала кетейін! Шығармашылығым бар! Аспаннан мағанда ақша жауып жатқан жоқ! Сондықтан, не болса соны маған жазып, намысыма тиіп, ауыздарыңызға тек “оразада” емес, 12 ай бойы ие болсаңыздар жақсы болар едi! Аллаx сана, сабыр берсін! Несібелеріңіз мол болсын! Ораза қабыл болсын!” – дейді Ерке Есмахан.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева өзі туралы кино түсірмек

Баян Есентаева өзін тарихтағы танымал адамдармен салыстырды

Баян Есентаева кітабының бағасы мен түскен қаражатты қайда жұмсайтынын айтты

Галкин Алла Пугачеваны көйлексіз жатқан жерінен суретке түсіріп алған (фото)

Талқылау