Ерке Есмахан мен Райым бірауыздан той жасамайтын болып шешті
Танымал әнші Ерке Есмахан көпшілік күткен үйлену тойының болмайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ерке Есмахан желіге той көйлегімен түскен суретін жариялады. Мұны көрген желі қолданушылары үйлену тойдың да ауылы алыс емес деп болжады.
“Ортақ шешіммен той жасамаймыз деп шештік. Отбасының бақытты болуы дүркіретіп той жасаған немесе жасамағанына қарамайды. Алла бұйыртса отбасымыздағы басқа тойларды жасауға дайынбыз”, – деп жазды өнер иесі.
Әнші үйде ерке келін, жеңге, әйел екенін айтып, барлық отбасы мүшелері өзін айналып-толғанатынын жасырмады.
“Атам “Еркежан” дейді, мамам “қызым”, қайныларым “тәтей апа”, ұлым “мама” дейді. Күйеуім өмірде қандай еркелету сөз бар болса, соның бәрін айтады, шексіздік”, – дейді Ерке Есмахан.
Бұған дейін Ерке Есмахан Райымның жүрегін қалай жаулап алғанын айтқан болатын.
Талқылау