Ерке Есмахан әулетіндегі барлық қыз-келіншектерді бейнебаянға түсірді (видео)
Ерке Есмахан ұзақ уақыттық үзілістен кейін тыңдарманына жаңа әні мен бейнебаянын ұсынды. Жаңа туындысын барша қазақ қыздарына арнаған әнші клипке өз әулетіндегі қыз-келіншектерді түгел түсірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әр туындысы хитке айналатын Еркенің бейнебаяны өзінің YouTube арнасында жарияланды. Әнші бұл әнді бойында тектілігін мен ұяңдығын, қайсарлығы мен пәктігін қатар сақтаған барша қазақ аруларына арнады.
"Жаңа әнім қазақ қыздарына арналады. Бейнебаянға өзімнің әкемнің аяулы жарымен, сүйікті қыздары және келіндерімен, немере-шөберелерімен бірге түстік. Есмахан әулетінің барлық қыздарын түсіріп, естелік болатын клип жасадық. Әнде айтылған қыздардың түрлерінің бәрі біздің үйде бар", - деп бөлісті Ерке.
Ол бұл бейнебаянның "ең ыстық" екенін атап өтті.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн