Ерке Есмахан: Алланың алдында өзім үшін ғана жауап беретінімді түсіндім
Ерке Есмахан өмірден түйгенімен бөлісті. Ол Instagram оқырмандарына жан сырын ақтарды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Өмірден не түйдіңіз?" - деген фанатының сауалына әнші:
"Өмір тек менікі екенін, қоршаған ортаның кестесімен емес, өз қалауыммен өмір сүру керектігімді, жанымды бақытқа, тыныштыққа, қанағатқа бөлей алатын тек өзім екенін түсіндім. Алланың алдында өзім үшін өзім ғана жауап беретінімді түсіндім. Әлі де түсінерім көп-ау", - деп ағынан жарылды Ерке Есмахан.
Сондай-ақ, әнші қазіргі уақытта "рухани жаңғыруда" екенін айтты. Ол осыдан бір жыл бұрынғы Ерке мен қазіргі Еркенің айырмашылығын сұрағандарға:
"1 жыл деген әңгіме жоқ. Бүгінгі Ерке кешегіге ұқсамайды. Күн сайын өзгеріс менде. Қазір рухани жаңғырудамын", - деп жауап берді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн