Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында еріктілерге Елбасының атынан алғыс хаттар табысталды

Ақмола облыстық әкімдігінде аймақ басшысы, "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының төрағасы Ермек Маржықпаев коронавируспен күресте мұқтаж азаматтарды қолдауға арналған "Біз Біргеміз" республикалық акциясына қатысқан еріктілерді еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан алғыс хаттар табыс етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Рәсім барысында облыс әкімі Ермек Маржықпаев "Жас Отан" жастар қанатының еріктілері аймақтағы 11,5 мыңнан астам отбасына азық-түлік себеттерін, маскалар мен қажетті заттарды жеткізіп бергенін атап өтті. Партия лидері әр қазақстандық еріктілерге ризашылық білдіретін алғыс хаттарына жеке қол қойды.

Еріктілер қозғалысында белсенді болғаны үшін 27 жас ақмолалықтарға Елбасының алғыс хаттары табыс етілді. Еріктілердің келу аумағы өте үлкен. Бұл Ақмола облысының барлық қалалары мен елді мекендері.

Айта кету керек, облыста барлығы он бір жарым мың отбасы жалпы сомасы 170 миллион теңгеден астам қаражат алды. Пандемия кезіндегі қиын өмірлік жағдайға тап болған халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 17225 тұрғынға 861 250 000 теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетілді, 4-ші толқын бойынша 3950 адамға 197 500 000 теңге сомасында құжаттар дайындалды.

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр