Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еріктілер Маңғыстауда қырылып жатқан жылқыларды суретке түсіріп алды

"Клуб добряков Актау" еріктілері Маңғыстау облысының Таушық ауылына барып, жануарлардың жантүршігерлік жағдайының куәсі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz -ке сілтеме жасап.

Еріктілер жануарлардың өлекселерін суретке түсіріп алған. Олар жылқылардың көз алдарында өлгенін айтты.

"Бұл жылқыларды Таушық ауылында түсірген. Бүгін жігіттер тағы бір фермермен танысуға кетті. Оның шағын шаруашылығы бар, онда 15 жылқыны асырайды", – деп хабарлады еріктілер клубында.



Жанашыр тұрғындар қаражат жинаумен, сондай-ақ шаруашылықтарға азық сатып алумен және жеткізумен айналысады деп атап өтті басылым.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев Маңғыстау облысына азық сатып алуға қосымша 5,3 миллиард теңге бөлінетінін мәлімдеген болатын.

Гүлдана Қазтай
Сенбі, 14 Тамыз, 2021 08:20
Талқылау