Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Еріккеннің ермегі емес": Ғалымдар өсек айтудың адам өміріндегі маңызын зерттеді

Ғалымдар өсек айтудың адам өміріндегі маңызын зерттедіФото: Жасанды интеллект көмегімен

Ғалымдар көпшілік үшін оғаш, ұят көрінетін өсек айтудың адам өміріндегі маңызын зерттеді. Олардың айтуынша, өсекті барлық адам айтады. Себебі  біреудің абыройына, беделінен бөлек, ол туралы айтқан барлық ақпарат өсекке жатады. Әрі бұл адам өмірінде ақ пен қараны ажыратуға көмектеседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Вашингтон штаты университетінің антропологы Николь Хесс көпшілік өсек айтуды нағыз адамгершілікке жат әрекет деп санаса да барлық адамның өсек айтатынын алға тартты.  Оның айтуынша тіпті сол адамның көзінше оның киімі немесе әрекеті туралы пікір айту да өсекке жатады.

Өсек қайдан пайда болған

Өсек айту –  жай еріккеннің ермегі емес. Ғалымдар мұны адамдар арасындағы әлеуметтік байланысты нығайтатын құрал деп санайды. Профессор Робин Данбардың пікірінше, өсек маймылдардағы “груминг” (бір-бірін тазалау) әрекетінің адамша баламасы. Яғни, адамдар өсек арқылы кімге сенуге болатынын, кімнен аулақ жүру керегін анықтайды.

2021 жылы жүргізілген зерттеу өсек адамдарды рухани жақындастырып, ортақ түсіністік пен сенімді арттыратынын көрсетті. Мұндай ортада командалық жұмыс пен өзара көмек те жақсы жолға қойылады.

"Өсек – бұл әлеуметтік байланыс орнатудың, ортақ шындық қалыптастырудың жолы", — дейді зерттеушілер.

Өсек – аман қалу құралы

Николь Хесстің айтуынша, өсек кейде өмірлік маңызы бар ақпарат көзі бола алады. Әсіресе әйелдер үшін. 

"Кейде қауіпті ер адамнан қорғану үшін оның мінезі туралы ақпарат өте маңызды. Мұндай мәліметті әйелдер ең алдымен жақын құрбыларына айтады", – деді ол.

Сонымен қатар, адамның қоғамдағы орны көбіне оның беделіне байланысты. Жаман атақ ресурстарға, қаржыға және қолдауға қол жеткізу мүмкіндігін шектейді. Сондықтан өсек – әлеуметтік бақылаудың құралы.

"Адамдар өз беделін қорғауға тырысады. Ал кейде өсекті өз имиджін көтеру немесе бәсекелестің беделін түсіру үшін де қолданады", — дейді Хесс.



Көңіл көтеру мен адам болмысы

Normal Gossip подкастының авторы Келси Маккиннинің айтуынша, көп жағдайда өсек – жәй ғана көңіл көтеру құралы.

"Жақсы өсек – бұл сіздің ойыңызға келген пікірді тура сол сәтте бөлісу. Ал онсыз өмір қызықсыз болар еді!" – деді ол күліп.

Ол өсекке қызығушылығын қатаң діни ортада өскенімен байланыстырады. Онда өсек айту күнә саналған.

Ғалымдардың пікірінше, өсек – тек бос сөз емес. Бұл – әлеуметтік байланыс орнату, аман қалу, ақпарат алмасу және көңіл көтеру сияқты көптеген қызмет атқаратын әмбебап адамдық құбылыс.

"Егер өсек тек мағынасыз әңгіме болса, ол қоғамдағы ресурс бөлінісіне әсер етпес еді", – деді доктор Хесс.

STAN.KZ
Жексенбі, 20 Шілде, 2025 16:50
Талқылау