Ережесіз жекпе-жек чемпионы порноактрисаны зорлағаны үшін өмір бойына сотталды
UFC лигасының бұрынғы қатысушысы, спортшы Джонатан Коппенхейвер адам ұрлау, жыныстық зорлық және ұру әрекеттері үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
2014 жылы Коппенхейвер өзінің бұрынғы қызы, порноактриса Кристи Мак пен оның сүйіктісі Кори Томасқа шабуыл жасаған болатын. Мак бірнеше ауыр жарақат алған. Ал Томастың мұрыны сынып, иығы жараланған. Сондай-ақ, спортшы сексуалдық зорлық жасады деп те айыпталған.
Наурыз айының басында Лас-Вегастағы алқа билер соты Коппенхейверді 29 заң бұзушылық бойынша кінәлі деп таныды. 35 жастағы спортшы шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа тек 71 жасқа толған кезде ғана шыға алады.
Оқи отырыңыз:
Биыл әлемде қанша адам ораза ұстады?
Нью-Йорктегі қазақ полицей есірткі баронын құрықтағаны үшін марапатталды
Таиланд полицейлері Мақсат Үсеновті босатты
Өлім ауызында жатқан қыз өзін емдетпеген ата-анасын жазалауды талап етуде
Талқылау