AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ересек қыз деп ойлап қалдым": Оралда ер азамат 6 жастағы бүлдіршінді зорлаған

Оралда 6 жасар қызды зорлады деп айыпталған сотталушы жан түршігерлік қылмыстың жай-жапсарын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

50 жастағы ер адам 6 жасар қызды зорлағаны үшін қатаң режимдегі колонияға қамалған. Ер адам – үш баланың әкесі. Ол жасаған қылмысы үшін 18 жылға бас бостандығынан айырылған. Сотталушы мұндай қылмысқа ішімдік ішкендіктен барғанын айтады.

“Сол күні біз досымызбен қатты іштік. Оның 6 жастағы қызы айналамызда жүрген. Мен одан кейін не болғанын білмеймін, ол маған ересек қыз сияқты көрінді. Әрине, әрекетім үшін өкінемін. Барлығына ішімдік кінәлі. Менің мұндай қадамға барғаныма отбасы әлі сенбейді”, – дейді сотталушы. 

Сотталғандармен жұмыс істейтін психологтардың айтуынша, педофилдердің көп бөлігі жасаған ісіне өкінбейді. 

“Қылмыс жасағандардың 50 пайызы ғана қатесін мойындап, жасағанына өкінеді. Ал қалғандары “Мен жасаған жоқпын, мен емеспін, басқалары кінәлі” деп ақталады”, – дейді инспектор-психолог Мержан Мендіғалиев.

Тәртіп сақшылары балаларын қорғау үшін ата-аналарға олардың өміріне көбірек қызығушылық танытуға кеңес береді. Мұндай қылмыстар үшін жаза қатаңдатылады. Өткен жылдан бері педофилдер мерзімінен бұрын бостандыққа шыға алмайды.

“Бізде кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар бойынша 111 адам бар. Олардың 99-ы сотталған. 12 адам уақытша ұстау изоляторында отыр. Олардың үкімдері әлі заңды күшіне енген жоқ. Олардың біріне химиялық кастрация тағайындалды”, – дейді БҚО бойынша аға инспектор Әсел Бекбаева.

Қазір елдегі колонияларда екі мыңға жуық педофил жазасын өтеп жатыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр