Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерекше есім қойды: Тәуекел Мүсілім кішкентайын перзентханадан шығарып алды

Тәуекел Мүсілім ұлды болды. Сүйінші жаңалықты өзі хабарлап, көпшілікпен қуанышын бөліскен еді. Актер жары мен кішкентайын перзентханадан шығарып алды.

"Аллаға сансыз мадақтар мен шүкірлік болсын! Әлхамдулилләһ! Махаббат екеуміз ата-ана болдық. Баланың денсаулығы жақсы, анасы да аман. Шүкір!

Қазақ еліне +1 батыр. Есімін әлі таңдау үстіндеміз, әжесінің шешімін күтудеміз. Барлық құттықтауларыңызға мың алғыс. Оқып жатырмын, тек жауап беруге үлгерер емеспін. Сіздерге де осындай қуаныш тілеймін! Бізде енді жауапкершілік артты, Алла соны абыроймен орындауға нәсіп етсін. Саналы ұрпақтарымыз көп болсын! Әумин!", - деп жазған еді Тәуекел Мүсілім жазбасында. 

Тауекел Мүсілім күні кеше ұлын перзентханадан шығарды. Актер ұлына Айтөре деген есім берді. Желідегі оқырмандары "бауы берік болсын" десіп жатыр. 

"Қуаныштымын! Шын жүректен құттықтаймын! Бауы берік болсын, Тәке!", - деп жазды Асылхан Төлепов.

"Жаным", - деп пікір қалдырды жары Махаббат. 

"Машалла бауы берік болсын!!! Құтты болсын Тәке!!!", - деп жазды Төреғали. 

"Бауы берік болсын, бауырым", - деді Серікбол Сайлаубек.

Тәуекел Мүсілімнің ұлы 8 қаңтар күні өмірге келді


Қазақы есімдер. Ұлыңызға қандай есім бердіңіз?

STAN.KZ
Сейсенбі, 12 Қаңтар, 2021 09:45
Талқылау