"Ерекше еңбек сіңіргендер көбейді": Нұрсейіт Жылқышыбай атақ алған әріптестеріне жазба арнады
Фото: https://www.instagram.com/nurseiitzhylkyshybai/
“Уақыт көрсетеді” бағдарламасының жүргізушісі, журналист Нұрсейіт Жылқышыбай атақ алған әріптестерін сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
БАҚ өкілі қара жұмысшыларға емес өнер өкілдеріне атақ бергендерге ренішін жеткізді.
"Аспаннан медаль жауып жатыр ма, түсінбеймін… Бір қарап отырсаң, төсбелгі тағып, суретке түсіп, “ерекше еңбек сіңірдім” деп жүргендер көбейіп кетті. Ал нағыз еңбек адамдары қайда?! Таңнан қара кешке дейін мал соңында жүрген малшы, жердің шаңын жұтып егін еккен диқан, көше сыпырып, пол жуып, қаланың тазалығын сақтап жүрген аналарымыз ше?! Солардың еңбегі бағаланса ғой, шіркін! Кейбір екі сөздің басын қосалмайтындар атақ алып, ал адал еңбектің иелері елеусіз қалғанда, шынымды айтсам, жаным күйеді. Марапат сөзбен емес, маңдай термен келу керек қой…", – деп жазды ол.
-
"Бір жапырақ қағаз бұйырмады": Қарақат Әбілдина атақ алуға қатысты жазба жариялады
-
Меруерт Өтекешова мен Тамара Асар "Халық әртісі" атағын алды
Еске салайық, бұған дейін Президент Республика күні қарсаңында бірқатар азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады. Марапат иелерінің қатарында еңбек ардагерлері, ғалымдар, дәрігерлер, әскери қызметкерлер, өнер және мәдениет қайраткерлері бар. Олардың ішінде "Қазақстанның Еңбек Ері", "Отан", "Барыс", "Парасат", "Құрмет", "Ел бірлігі" ордендері мен Мемлекеттік сыйлық иегерлері атанған тұлғалар бар.
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді