Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Ердос Қанаев тігінші жұбайының бірде-бір сахналық киім тігіп бермегенін айтты

«Жігіттер» тобының мүшесі Ердос Қанаевтың үйлі-баранды азамат екенін ел біледі. Десе де оның жарын да, балаларын да көпшілік көрмеген. Себебі әнші оларды телеэкранға да, әлеуметтік желідегі парақшаларына да шығара бермейді.

imav

Әншінің жұбайы Айдана он саусағынан бал тамған нағыз шебер. Алайда өз киімдерін өзі тігіп киетін шебер тігінші әнші күйеуіне бірде-бір сахналық костюм тігіп бермепті. Әншінің айтуынша, жұбайы өзіне-өзі аздап сенімсіз көрінеді.

«Шынымды айтсам, келіншегіме бірде-бір рет сахналық киім тіктіріп көрмеппін. Бірақ ойымда бар. Өзі де қорқақтайды. “Кәсіби шебер емеспін, кем-кетік жері болып қалса, сахнаға шыққанда елден ұят болып қалар” дейді. Сондықтан “кәсіби тұрғыдан жасап жүрген кісілерге тіктіре беріңіз” деп рұқсатын берген. Бірақ ойымда бар. Сондықтан Алла қаласа келіншегім тігіп берген костюммен де сахнадан көріп қаларсыздар», – деді әнші КТК арнасының «Басты рөлде» бағдарламасында.

Жіберіп алмаңыз: 

“МұзАрт” тобы еш жерде жария етілмеген құпияларымен бөлісті

Табысынан тұрақты түрде салық төлеп тұратын отандық әншілер

Шаш үлгісін өзгерткен Әсел Сағатованы желі оқырманы Уитни Хьюстонға ұқсатты

Қазақстандағы жұлдызды жұптар танысқан сәттерін еске алды

“Ninety one” тобының әндерінен попурри орындаған қыздар ғаламторды «жарды» (видео)

Талқылау