Ердоған Ыстамбұл әуежайынан халыққа үндеу жолдады
Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған халыққа Ыстамбұлдағы Ататүрік әуежайында баспасөз мәслихатын өткізіп үндеу жолдады.
Сурет newsarmenia.am
Өз сөзінде мемлекет басшысы төңкеріс жасауға әрекеттенген күштің тойтарылғанын мәлімдеді.. Ол сондай-ақ, елдің қарулы күштерін қайта қарап, тазалайтынын да айтты. “Осы әрекетке қатынасқандардың барлығы, қандай қызметте отырғанына қарамастан, үлкен көлемде төлейді”, – деді президент. Ол “елдің бірлігін қашырғандар өздерінің АҚШ-тағы басшыларының бұйрығынан соң іске кіріскен”, – деді.
Сонымен қатар, түрік басшысы өз елін тастап ешқайда кетпейтіндігін де айтты. Ердоғанның айтуынша, ол Түркияның оңтүстік-батысындағы Мармарис қаласындағы отелдердің бірінде болыпты. Қонақүйден шығып кеткеннен кейін, ғимаратты бомбалау басталған.
Ердоған мінген ұшақ 16 шілде күні Ыстамбұлға келіп қонған еді. Оған дейін президент елдегі CNN Türk телеарнасы эфирінен елдегі жағдайды айыптап сөз сөйлеген болатын. Ол азаматтарды көшеге шығуға шақырып, төңкеріс ұйымдастырушыларын аяусыз жазалаймын деді.
Түркиядағы төңкеріс 15 шілде күні кешке басталды. Республика премьер-министрі Бинали Йылдырым көтерілісті әскерилер ұйымдастырды деп мәлімдеген. Бұдан соң бүлікшілер әуежай мен телеарналарды бақылауға алыпты. Қазіргі таңда елдегі жағдай тұрақталды. Алдын ала деректер бойынша төңкеріс ұйымдастыруға күдікті ретінде 300-ден астам адам тұтқындалды.