Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ердоған Украинадағы соғыстың ұзаққа созылатынын айтты

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Украинадағы соғысқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі PBS телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: newseu.cgtn.com

Ердоған Украинадағы қақтығыс жақын арада аяқталмайтынын болжап, "соғыс ұзаққа созылатыны анық" деп баса айтты. Оның айтуынша, Ресей президенті Владимир Путин дағдарысты мүмкіндігінше тезірек тоқтатуға шақырды

"Путин соғысты тезірек тоқтатуды жақтайды. Мен мұны оның сөзінен байқадым. Путин бұл соғыстың тезірек біткенін қалайды", - деді саясаткер.

Талқылау