Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ердоған Түркияның жаңа конституциясын қабылдау қажет екенін мәлімдеді

Түркия президенті жаңа конституция әзірлеу туралы бастама көтерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ria.ru

Режеп Тайып Ердоған 1980 жылғы әскери төңкерістен кейін қабылданған қазіргі конституцияның орнына жаңа конституция қабылдау қажет екенін мәлімдеді.

"Біз Түркияның либертариандық конституцияға мұқтаждығын байқаймыз. Бүгін мен кейбір тұстарды нақтылап айтқым келеді: Конституция – нормалар иерархиясының жоғарғы шыңы. Бұл – қоғамдық келісім, жазбаша құжат. Егер 1921 және 1924 жылдардағы конституциялар алынып тасталса, онда біздің барлық конституциямыз қамқоршылық директивалары бойынша құрылып, халыққа байланған. Біз қазіргі конституциямен әрі қарай жүре алмаймыз, оның негізін путчистер қалаған, ал тілі проблемалы элиталардың консенсусын көрсетеді. Мен мұны ұлттық парыз деп санаймын", – деді Ердоған.

Конституцияға түзетулер депутаттардың дауыс беруімен қабылданады.

Талқылау