Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ердоған Илон Масктан Түркияға Tesla зауытын салуды сұрады

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Нью-Йоркте америкалық кәсіпкер Илон Маскпен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Түркия президенті жанындағы Қоғамдық істер басқармасының Х әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: islam-risalyat.ru

Кездесу барысында саясаткер миллиардерді Түркияда Tesla электр көлігін шығаратын жетінші зауыт ашуға шақырды. Ердоған Түркияның ғарыш бағдарламасы аясында SpaceX-пен ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігіне тоқталды.

Сондай-ақ Ердоған америкалық кәсіпкерді қыркүйек айының соңында Түркияның Измир қаласында өтетін технология көрмесіне қатысуға шақырды.

Талқылау