Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерболат Досаев зейнеткерлерді қолдау шараларын арттыруды тапсырды

Алматы әкімі Ерболат Досаев ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесіп, зейнеткерлерді қолдау шараларын талқылады. Ол аға буынның жастарды тәрбиелеудегі маңызды рөлін атап, өмірлік тәжірибесі мен даналығына ризашылығын білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қала әкімдігі қарт адамдарға санаторий-сауықтыру бойынша көмек көрсетеді, коммуналдық қызмет тарифін өтейді және арнаулы қызмет көрсететін 10 белсенді ұзақ өмір сүру орталығын құрды.

Ерболат Досаев қосымша орталықтар ашу жобасын әзірлеуді және қарт адамдарды сабақтармен және бос уақытпен қамтуды 2 есеге арттыруды, сонымен қатар, санаторий-сауықтыру еміне квотаны арттыруды тапсырды. Жыл басынан бері 19 мыңнан астам зейнеткерге санаторий-сауықтыру бойынша көмек көрсетілді, коммуналдық қызметке 900 млн теңгелік тарифтер өтелді.

Бұған қоса, қала басшысы "Ардагерлерді қолдау жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу" жобасын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қаржыландыру көлемін ұлғайту мүмкіндігін қарастырады. Ардагерлер үшін мемлекеттік тапсырыстың құны соңғы рет 5 жыл бұрын қайта қаралған.

Алматыда қарттар күнінің құрметіне орай, қазан айы бойы мәдени-демалыс, спорттық іс-шаралар жалғасып жатыр.

Талқылау