Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ербол Хамитов Паралимпиададағы жеңісі үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды

Ербол Хамитов Фото: ҰПК

Италияда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында із қуу жарысында алтын алған жеткен қазақстандық пара биатлоншы Ербол Хамитов мемлекеттен қанша сыйақы алатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

28 жастағы Ербол Хамитов ең жақын қарсыласынан 21,5 секундқа озып, осы ойындардағы екінші медалін жеңіп алды. 10 наурызда ол шаңғы спринтінде қола жүлдегер атанған еді.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, Паралимпиада ойындарының медальдары Олимпиада медальдарымен бірдей мөлшерде бағаланады: алтын медаль үшін – 250 мың доллар, күміс үшін – 150 мың доллар, ал қола медаль үшін – 75 мың доллар.

Сонымен қатар, 4–6 орын алған спортшыларға да 30 мыңнан 5 мың долларға дейін сыйақы беріледі.

Италиядағы ойындарда Ербол Хамитов шаңғы спринтінде қола жүлде, биатлоннан алтын медаль жеңіп алды. Бұдан бөлек, пара биатлонның жеке жарысында алтыншы орын иеленді. Осылайша, спортшы мемлекеттен жалпы 330 мың доллар көлемінде сыйақы алмақ.

Еске салсақ, бұған дейін Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының чемпионы атанғаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Жұма, 13 Наурыз, 2026 18:53