Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ералы Тоғжанов Қазақстанның вице-премьері болып тағайындалды

Ералы Тоғжанов премьер-министрдің орынбасары қызметіне келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы Қазақстан Республикасының премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалсын", - делінген жарлықта. 

2019 жылдың 13 маусымына дейін Тоғжанов Маңғыстау облысының әкімі болды. Шенеунік 1963 жылы 13 мамырда Орал облысының Ақжайық ауданындағы Шағатай ауылында туған. Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1988), құқықтанушы. Заң ғылымдарының кандидаты (1995). 

STAN.KZ
Сейсенбі, 11 Ақпан, 2020 19:13
Талқылау