Ералы Тоғжанов коронавирустан емделіп шықты
ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустан емделіп шықты. Қазіргі таңда шенеунік қайта жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлім етті.
"Ералы Лұқпанұлы 10 күн емделген соң тест тапсырды және тест теріс нәтиже көрсетті. Ол қызметіне қайта кірісті", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасарына сөгіс жариялаған еді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн