Ералы Тоғжанов ақпарат саласындағы мамандарға алғыс айтты
2020 жылы коронавирустың таралуы кезеңінде Ақпарат министрлігінің жұмысы ерекше болды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Әсіресе, "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асыру ең алдымен министрліктің тікелей қызметіне байланысты. Дер кезінде халыққа жеткізе білу, халыққа түсіндіре білу маңызды. Осы орайда қиын жағдайда ештеңе жасырылған жоқ, барлығы елге жарияланды", - деді Ералы Тоғжанов.
Бұл тұрғыда ол аталған министрлік тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылғанын жеткізді.
"Ақпарат саласында жұмыс істейтін барлық азаматтарға алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Қиын жағдайда бірде-бір азамат кейін тартпады. Осы кезеңде ешқайсысы басын бұғып қалмады, тікелей атсалысты", - деді вице-премьер.
"Волонтерлік бағытта көптеген іс-шаралар атқарылды. Осы орайда Президенттің тікелей тапсырмасымен тиісті жұмыстар жүзеге асырылды. Бұл жұмысты ары қарай жалғастыруға қатысты тапсырмалар берілді, сондықтан осыны іске асыратын боламыз", - деді Ералы Тоғжанов.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
