"Ер-азаматтарыма мүмкіндік бермедім": Үш рет тұрмыс құрған Ақбота Керімбекова жан сырын ақтарды
Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал әнші Ақбота Керімбекова жеке өміріндегі сәтсіздіктерді есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі Ләйлә Сұлтанқызымен сырласып, жан сырын ақтарды.
“Ер-азаматқа өзінің міндетіңді атқар деп мүмкіндік бермедім бе?! Мен әлсіз болып иілуім керек пе еді?! Иілгенде де ер-азаматқа тізгінді беруім керек еді. Әйелміз ғой, аш отырса мен үйде отыра алмаймын, өзіміз жыбырлап істеп кетеміз. Кішкентайымнан өз тірлігімді өзім істеп, үйреніп қалған адаммын. Бәлкім сол кезде еркелеп отыра беру керек пе еді? “Ақшаны қай жақтан болса да тап” десем де болатын еді. Біз егемендік алып, арпалыс кезеңінде бойжеттік. Кеңес заманын көрген соңғы буынбыз. Заман қиын еді. Саудаға шығып кеткен кездер де болған. Осы өміріме де тәуба. Ешкімге өкпем жоқ, аман болсын, бақытты болсын деймін. Өсіп-өнсін, Алладан тілеймін. Алладан қорыққаннан кейін, ешкімге ештеңе дей алмаймын. Ең жақсы адам кешірімді адам дейді ғой, бәрін кешірдім”, – деді әнші.
-
"7 айдан бері көрмедім": Ақбота Керімбекова Қытайға барып, ұлымен қауышты
-
"Көре алмай отыр деп ойлап қалмасын": Ақбота Керімбекова марапат алған әріптестерін сынап тастады
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, ер азаматтың жауапсыздығын қызу талқылап жатыр.
“Нағыз ер азаматқа тізгінді берудің қажеті жоқ, ол өзі алады. Алмады ма? Әйелдің кінәсі жоқ”, Маған да осындай еркектер жолықты”, “Өз бақытыңызды табуыңыз керек”, “Қазіргі еркектер жалқау, әйелге сеніп жата береді”, “Үшіншісінде қателеспеу керек еді”, – деп жазды көпшілік.

"Дәрігерлер ішіңдегі балаңды алдыр деді": Астаналық азамат екі бүйрегі де істен шыққан әйелінің еміне көмек сұрайды
