Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер азаматтарға әйелдің қандай келбеті ұнайды

Британдық қыз зерттеу жүргізіп, ер адамдарға сырт келбеті қандай әйелдердің ұнайтынын анықтады.

Бай ер адамдар көбіне сары шашты Лианнаны таңдады.

36 жастағы Хейли Лианна таысу сайтында әр түрлі стильде киініп, әр түсті шашпен, әр түрлі шаш үлгісімен түскен суреттерін жариялады. Алты ай ішінде 7 образ жасады. Ол қара шашты қыз болды, сары шашты қыз кейпінде түсті. Спортшы қыз әрі бизнес леди образында, көзілдірік тағатын оқымысты қыз бен боянбайтын қыз келбетінде шықты. Соңында өзінің қалыпты өмірдегі түрін суретке түсіп жариялады.

Көп азамат қара шашты қызды таңдады. Қара шашты қыз образы таңдаған жігіттерің саны 87. Бірақ олардың басым бөлігі бірінші кездесуде-ақ төсек қатынасына баруды сұраған.

Ал бай азаматтар (43 азамат) көбіне сары шашты Лианнаны таңдады. Олардың көпшілігі әйелі барлар. Олар жай ғана көңіл көтергісі келген.

Спортшы қыз 25 жігітке ұнады. Жігіттердің көбі оны спорт залына шақырған.

Британдық қыздың айтуынша, көзілдірікпен түскен суретін және өз бейнесін салғанда “ең қызықты” жігіттермен танысқан. Олардың саны 36.

Бизнес-леди образы 8 азаматтың ғана сұрауы болды. Жігіттерді оны ақылды, бірақ өмірде қызықсыз деп топшылады.

Ең қызығы, Лианна боясыз түрін салғанда оған ешбір жігіт назар аудармаған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр