Ер азамат ұмытшақтығының салдарынан қомақты жүлдеден айрылып қала жаздады

АҚШ-тың Солтүстік Каолина штатының тұрғыны жүз мың долларлық ұтыс алып келген лотерея билетін ұмытып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

лотерея

Альберт Белк есімді америкалық Cash 5 лотерея билетін сатып алып, оны жүк көлігінің орындығына ұмытып кетіпті. COVID-19 пандемиясына байланысты ол үйінен шықпай, көлігін мүлдем пайдаланбаған. Ал оның лотерея билеті 30 сәуір күні ойнатылған көрінеді . 

Екі апта өткен соң ол тағы бір рет лотерея ойнамақшы болып, билет сатып алыпты. Тек сонда ғана ол көлігінде тексерілмей қалып қойған бірінші билетті байқаған. Автомат арқылы алғашқы билетін тексерген ол 468 мың долларлық ұтысқа кенелгенін анықтаған. 

Жолы болған азамат ұтысын 26 мамыр күні иеленген. Сөзінше, бұл қаражатқа ол әйеліне бағалы 2018  жылғы Cadillac CT6 автокөлігін сатып алып беріп, үйіне жөндеу жұмыстарын жасатпақшы. Ал қалған ақшаны ер адам құртпай, алдағы уақытта сақтап қоятынын жеткізіпті. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр