Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адамдарға жасалған жатыр мойны обыры скринингі: Қаржы министрлігі қаражат қайтарылуына қатысты пікір білдірді

Фото: freepik.com

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков жалған медициналық қызметтерге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сондай-ақ Қаржы вице-министрі ер адамдарға жасалған жатыр мойны обырына скрининг секілді фактілерге жұмсалған қаражаттың Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есебіне қайтарылып-қайтарылмайтынын айтты. 

Вице-министрдің айтуынша, қазір қорға қатысты мемлекеттік тексеріс жүріп жатыр. Оның аясында жалған қызметтерге төлем жасалған жағдайлар да тексеріледі. 


“Жыл сайын бала туамын деп жақында көз жұмды”: Қазақстандық әйелдер ер адамдардың вазэктомия жасатуын талап етіп жатыр


“Қор қызметіне қатысты мемлекеттік аудит енді ғана басталды. Бұған дейін анықталған және қазір анықталып жатқан фактілерді құқық қорғау органдары өз бетінше тергеп жатыр. Біздің міндет алдағы уақытта мұндай жағдайлар мүлде болмауы үшін алды алу, яғни жүйелі тетіктерді күшейту”, – деді Темірбеков.

Темірбековтің сөзінше, анықталған заңбұзушылықтардың нақты сомасы мен ауқымы мемлекеттік аудит аяқталғаннан кейін жарияланады.

Сондай-ақ Дәурен Темірбеков денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелер сынға ұшыраған соң, оларды бір жүйеге біріктіру жоспарланып отырғанын айтты.

“Бұл бағыттағы жұмыстар басталып кетті. Жақын арада бірыңғай жүйе таныстырылады. Алдын ала іске қосу наурыз айына жоспарланып отыр”, – деді вице-министр.

Айта кетейік, бұған дейін  

Нұрила Жұмаділлә
Бейсенбі, 12 Ақпан, 2026 14:20