Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адамдар арасында жаңа сақал түрі сәнге айналды

2021 жылдың басында ер адамдардың арасында жануарлардың құйрығы түріндегі сақал трендке айналды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа тренд мынадай: мұрттың бір бөлігі иектегі сақалмен байланысады, ал екіншісі ерінге оралған "құйрықты" бейнелейді. 

Daily Mail басылымының мәліметінше, алғаш рет бейсбол ойыншысы Майк Фирс (Mike Fiers) 2019 жылдың қыркүйегінде осындай сақал үлгісімен шыққан. Осылайша спортшы команда мүшелерін күлдіргісі келген.



Бұл сурет 2021 жылы ғана кең танымал болды: ер адамдар әлеуметтік желілерде сақалдың жаңа түрі бар фотосуреттерді жаппай жариялай бастады.

Қазіргі уақытта Instagram-да #monkeytail ("маймыл құйрығы") хэштегімен 10 мыңға жуық жарияланым пайда болды. Материалға сәйкес, флеш-мобтың кейбір мүшелері трендті "мысықтың құйрығы" деп те атайды.

Талқылау