Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам жазықсыз өлім жазасына кесіліп 46 жылдан соң түрмеден ақталып шықты (фото)

Ивао Хакамада 46 жылын түрмеде, 34 жылын өлім жазасына кесілген жалғыз адамдық камерада өткізген. Ол 2014 жылы кінәсіз деп танылып бостандыққа шықты. Ол өмірінің көп бөлігін жазықсыз темір торда өткізген.

42723

Фото: bigpicture.ru

78 жасында бостандыққа шыққан Иваоның денсаулығы сыр береді. Ол 34 жыл бойы жалғыз өмір сүріп, сыртқы ортамен байланыспаған. Әр күні өлім жазасына кесе ме деген үреймен отырған.

2f50f764822be08df79dffd8e9976efb95fb8a6f

Ивао 2011 жылы ең қатаң жазаны ұзақ күткен адам ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына енді.

hakamada

Ивао Хакамада 50 жыл бұрын кәсіби боксшы болған. Өз елінде табысқа жеткен. Сөйтіп жүргенде өмірі күрт өзгереді. Оны 1966 жылы 30 маусымда болған адам өліміне кінәлі деп тауып, өлім жазасын кеседі. Паста шығаратын өндіріс компаниясының басшысы өз үйінде өлі күйінде табылған. Қылмыскер оның әйелі мен баласын да өлтіріп кетеді. Кейіннен ғимаратты өртеп жіберген.

n-hakamada-a-20151218-870x580

Осы іске компанияның өкілі Ивао Хакамада басты күдікті ретінде танылған. Компаниядан қанға боялған жейде табылған. Тергеу ісіне сәйкес, жейде Иваонікі деп айтылады. Дәл сол айғақ оның кінәлі қылып шығарған.

1968 жылдың қыркүйек айында оны өлім жазасына кеседі. Оның қорғаушысы да болмаған. Жауап алу кезінде ұрып-соғып, су бермей қояды. Дәретханаға жібермей өзіне тағылған айыпқа келісімін беруге көндіреді.

smertnik-pic668-668x444-49981

Келесі он жыл ішінде айыпталушы өз ісінің қайта қаралуын қолға алып көреді.

1980 жылы жоғарғы сот вердиктті заңды деп таныды. Үш жылдан соң Хакамада ұлына хат жазып жібереді. Хатта: «Мен сендерге әкелеріңнің кінәсіз екенін дәлелдеп шығам. Полиция да, сот төрешісі де, бұл істі жүргізгендер де менің кінәсіз екенімді біледі. Мен бұл желіні үзіп, сендерге оралам» деп жазылған.

Хидеко Хакамада 46 жастағы бауырының жазықсыз сотталғаны үшін күресіп бақты. Ол адвокаттарға үш рет апелляцияға арыз жаздырған.

1359350_original

Бұл кездері Ивао өлім жазасын күтетін жалғыз адамдық камерада отырған. Ол ұзақ уақыт жалғыз қалғандықтан ойын дұрыс жеткізе алмайтын күнге жетеді. Әпкесімен де, жақындарымен де кездесуден бас тартады.

44 жылдан кейін әпкесі Хидеко ДНК-тестіне қол жеткізеді. Ондағы қан құрамы жейдедегі қан тобына сәйкес келмеген. Іс қайта қаралып, екі жылдан соң 2014 жылдың наурыз айында Иваоны түрмеден шығарады.

179754584

Жапонияда жалғызбасты камерадағылар сыртқы әлеммен мүлде байланыс үзеді. Оларды жақындарымен де сөйлестірмейді. Құқыққорғаушылар Жапонияның өлім жазасына кесілгендерге қолданатын жүйені сынға алды. Сотталушыға қашан өлтіретіндерін айтпайды. Сондықтан ол үнемі қорқыныш үстінде өлімді күтумен болады.

1359461_original

Тілшілер сонша жылдан соң түрмеден шыққан Хакамаданың жүзінен қуаныш лебін байқай алмайды. Ол тілшілердің сұрағына жауап бере алмады. Ешқандай жауап алмаған соң журналистің бірі «Қандай тамақ жегіңіз келіп тұр?», – деп сұрайды. Сол уақытта оператордың бірі: «Оны жайына қалдырыңдар. Көрмейсіңдер ме? Ол өмір сүрудің не екенін ұмытып қалған», – деді. Осы кезде Ивao басын көтеріп: «Сыра мен торт жегім келеді», – деген.

Ивао Хакамада қалыпты өмірге әрең олалды. Оған әпкесінің есіл еңбегі мен сабыры көмектесті. Әпкесі бауырын қалыпты өмірге қайта оралып, күле алатын күйге жеткізді.

Тағы да оқыңыз:

Ер адам 21 жылдан соң жасамаған қылмысы үшін түрмеден ақталып шықты

Таңғы асқа 20 жұмыртқа, 8 нан: Жер бетіндегі ең ұзын адам жайлы не білесіз? (фото)

83 жастағы қария кемпірін пышақтап өлтірді

Мың жыл бұрынғы будда монахының денесі мен миы сол күйінде сақталған (фото)

Талқылау